Предметы
- Математика
- Русский язык
- Алгебра
- Английский язык
- Литература
- Физика
- Химия
- История
- Геометрия
- Биология
- География
- Другие предметы
- Қазақ тiлi
- Информатика
- Українська мова
- Обществознание
- Окружающий мир
- Українська література
- Музыка
- Немецкий язык
- Экономика
- Право
- Беларуская мова
- ОБЖ
- Французский язык
- Психология
- Технология
- Физкультура и спорт
- МХК
- Астрономия
- Кыргыз тили
- Оʻzbek tili
- Черчение
- Уход за собой
Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби тұрмыс- салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркі даласының бар сырын бойына сіңірген таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр. Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну қазақ халқының негізгі міндеттерінің бірі.