Предметы
- Математика
- Русский язык
- Алгебра
- Английский язык
- Литература
- Физика
- Химия
- История
- Геометрия
- Биология
- География
- Другие предметы
- Қазақ тiлi
- Информатика
- Українська мова
- Обществознание
- Окружающий мир
- Українська література
- Музыка
- Немецкий язык
- Экономика
- Право
- Беларуская мова
- ОБЖ
- Французский язык
- Психология
- Технология
- Физкультура и спорт
- МХК
- Астрономия
- Кыргыз тили
- Оʻzbek tili
- Черчение
- Уход за собой
Әнші құм, Айғай құм – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің
аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі
құмды төбе. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы
нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге
айналған.
Екі жақтан соққан желдің әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән
ырғағына ұқсас әуезді дыбысты естуге болады. Шығыстан соққан желдің күші ұлғайған кезде биіктігі 150
метрлік құм таудың басына қарай шоғырланады. Осы кезде реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайтын дыбыс
естіледі. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде орын алады екен.
Атағы көпке тараған Айғай құм туралы ел аузында талай аңыз-әңгімелер қалыптасқан. Аңыздың бір
нұсқасы бойынша Айғайқұмдағы әуезді кері пиғылды, іші қара ниетке толы адамның құм астында қалып,
жаны қиналғаннан қысылғанда шығатын даусы десе, екінші нұсқада дуаланған сұлудың дауысы делінеді.
Құмды таудың басына шығу оңай шаруа емес, кімде-кім таудың басына қиналмастан жететін болса, сол
адамның асқақ арманы орындалады, ал жете алмаған адам күнәхар болады деген наным-сенім де бар. Ән
салып тұратын мұндай әуезді құмтебе дүниежүзінің алты елінде ғана бар көрінеді. Яғни, ән салатын
Құмдарды Қазақстаннан басқа да АҚШ-тың Калифорния мен Мичиган құмдарынан, Намиб шөлінен,
Қытайдан, тіпті Ұлыбританияның Уэльсиінен де кездестіруге болады екен (170 сөз)
(https://ust.kz/vwordl/asya_sabaq_ansi_qum-144049 сайтынан алынды)
Әңгіменің тақырыбы қандай?
pyc
16:12
18.05.2021