Предметы
- Математика
- Русский язык
- Алгебра
- Английский язык
- Литература
- Физика
- Химия
- История
- Геометрия
- Биология
- География
- Другие предметы
- Қазақ тiлi
- Информатика
- Українська мова
- Обществознание
- Окружающий мир
- Українська література
- Музыка
- Немецкий язык
- Экономика
- Право
- Беларуская мова
- ОБЖ
- Французский язык
- Психология
- Технология
- Физкультура и спорт
- МХК
- Астрономия
- Кыргыз тили
- Оʻzbek tili
- Черчение
- Уход за собой
Bookmark
Тоқсандық жиынтық бағалау
Задание №1
Не сдано
keyboard_arrow_down
Тоқсандық жиынтық бағалау
5сынып Қазақ тілі пәнінен 1-ТБЖ тапсырмалары
І. ОҚЫЛЫМ Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. __________________________________________
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз баяғыда ____________
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1. Жылқы нені армандайды?
______________________________________________________________________
2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты?
______________________________________________________________________
4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.
I Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс.
II Жылқы мақтанады.
IІІ Күн түйені алып келеді.
A. II, I, ІІІ B. ІІІ, II, І C. II, IІІ, І
ІІ. ЖАЗЫЛЫМ
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз (60-70 сөз).
______________________________________________________________________