Предметы
- Математика
- Русский язык
- Алгебра
- Английский язык
- Литература
- Физика
- Химия
- История
- Геометрия
- Биология
- География
- Другие предметы
- Қазақ тiлi
- Информатика
- Українська мова
- Обществознание
- Окружающий мир
- Українська література
- Музыка
- Немецкий язык
- Экономика
- Право
- Беларуская мова
- ОБЖ
- Французский язык
- Психология
- Технология
- Физкультура и спорт
- МХК
- Астрономия
- Кыргыз тили
- Оʻzbek tili
- Черчение
- Уход за собой
50 БАЛЛОВ
телеграм: kz_11class
2 вариант
1. Бірыңғай жуан бітеу буынды сөзді табыңыз.
A) Тапсырма.
B) Таңда.
C) Жиналды.
D) Қалдыр.
E) Тапшы.
2. Біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Ер Тарғын.
B) Бала-шаға.
C) Оқу-ағарту.
D) Қасқабұлақ.
E) Жолаушы.
3. Көйлек-көншек, ыдыс-аяқ, көрпе-жастық қандай сөздер екенін табыңыз.
A) Біріккен сөздер.
B) Қысқарған сөздер.
C) Дара сөздер.
D) Тіркесті сөздер.
E) Қос сөздер.
4 . Туынды сын есімді тіркесті табыңыз.
A) Биік тау.
B) Қамысты жер.
C) Көк ала бұлт.
D) Жұқа көйлек.
E) Жылы үй.
5. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Оның арманы – ел бірлігін сақтау.
B) Баяу ескен қоңыр жел.
C) Туған жерге туың тік.
D) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.
E) Сабақтан кешігуге болмайды.
6. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Сондықтан да болар, бір сағат уақыты болса, генерал әскери бөлімшелерге тартып кетеді.
B) Олай болса, мен кеттім, өздерің шеше беріңдер.
C) Әсірептің қолы тимей жүр-ау, сірә.
D) Мүмкін, мен бұл істі аяқтай алмайтын шығармын.
E) – Әке-ау, заман оқығандікі ғой, - деді Ақбілек.
7. Сөйлемнен омонимдерді табыңыз.
A) Тауды аралағанда тынығасың.
B) Зерек адам шапшаң ойлайды.
C) Би үйірмесі жұмыс істейді.
D) Ой алысқа жетелейді. Ол мұз ойды.
E) Мал тегіс қорада тұр. Бұл ауылдың малы көп.
8. Берілген қатардан кейінді ықпалды табыңыз.
Батырлар көзсіз ерлікке жиі баратын.
A) Жиі.
B) Көзсіз.
C) Ерлікке.
D) Баратын.
E) Батырлар.
9. Күрделі сөзді белгілеңіз.
A) Бес, алты.
B) Айлық, жақсылық.
C) Адамға, баланың.
D) Жоғары-төмен, биік-биік.
E) Зат, сан.
10. Қатыстық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Заттың түр-түсін, сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы анықтайды.
B) Сөзге қосымша мағына үстейді.
C) Зат есімнің орнына жүреді.
D) Негізгі түбір сын есімнен болып, заттың сипатын, түсін тікелей анықтайды.
E) Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары арқылы жасалады.
11. Болымсыздық есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.
A) Бірнеше оқушы.
B) Олжас ашуланды.
C) Ешкім білмейді.
D) Айжан келді.
E) Мына парта.
12. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Әсеттер балық аулады.
B) Аспанда жұлдыздар жымыңдайды.
C) Күн мен түн теңеледі.
D) Мұражайға бардық.
E) Сен осы жерде тұр.
13. Көмекші етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Инең болса – иінің бүтін.
B) Қорықсаң, от жақ.
C) Түйе мініп, қой арасына жасырынбас.
D) Тез алып келіңіз деген еді.
E) Еңбек етсең, еленерсің.
14. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.
Оқу – біздің басты мақсатымыз.
A) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
B) Бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
C) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы негізгі сан есім.
D) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш етістіктен жасалған.
E) Бастауыш сын есімнен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Біреу көмектесер деп – ол үйден шықты.
B) Ол оған сөз берді, – ертеңіне уәделі жерге келмеді.
C) Сабақ басталғалы – бұлар жиі сөйлесіп отырды.
D) Бәйгеге түсіп жарыспай – ат өнері білінбес.
E) Олар үйге тезірек жетпек болып – аттарына қамшы басты.
16. Анықтауышты табыңыз.
A) Ол әдейі кірді.
B) Оқушылар емтиханды ойдағыдай тапсырды.
C) Күресуге дәрмен жоқ.
D) Қайсар биыл мектепке барады.
E) Талабы бар жігіт жерде қалмайды.
17. Сұрау белгісі қойылатын қатарды табыңыз.
A) Сен де Көкшені жиі еске алатын шығарсың
B) Шіркін, Көкшенің көк сеңгірі
C) Қош бол, сәулем, көргенше
D) Көңілді кештер жиі болушы еді
E) Әттең, жастық шақ-ай
18. Негізгі үстеуден болған мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A) Азамат ерте оянды.
B) Раушанмен оқта-текте сырласпайды, мұңдаспайды.
C) Таңертеңнен бір сұлу қыз суға келеді.
D) Сәнжан жолшыбай бір ескі шелек тауып алыпты.
E) Бүгін аурухананы қамап, жұмысшылар кетпей қойды.
19. Себеп бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.
B) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
C) Аспанда жатқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады.
D) Аңсаған шөлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.
E) Қасқыр мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
20. Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Жауды жеңген нағыз батыр сенсің, сарбазым
A) Леп белгісі.
B) Нүктелі үтір.
C) Жақша.
D) Нүкте.
E) Сұрақ белгісі.