Предметы
- Математика
- Русский язык
- Алгебра
- Английский язык
- Литература
- Физика
- Химия
- История
- Геометрия
- Биология
- География
- Другие предметы
- Қазақ тiлi
- Информатика
- Українська мова
- Обществознание
- Окружающий мир
- Українська література
- Музыка
- Немецкий язык
- Экономика
- Право
- Беларуская мова
- ОБЖ
- Французский язык
- Психология
- Технология
- Физкультура и спорт
- МХК
- Астрономия
- Кыргыз тили
- Оʻzbek tili
- Черчение
- Уход за собой
А деңгейіндегі есептер
1. Жедел жәрдем дәрігер зардап шегушіден оның омыртқа бойымен жүретін ең мықты арқа бұлшық етінің зақымданғанын анықтаған. Бұл бұлшық еттерді атаңыз және омыртқа жотасының қандай қызметі бұзылады?
2. Әр адамның басының шашты бөлігінің терісі белгілі бір бұлшық еттерінің жиырылуы мен белгілі бір дәрежеде қозғалады.Бұл қандай бұлшық еттер, құрылыс ерекшешіктері қандай?
3. Дене тәрбиесі сабағы кезінде жаттықтырушы студенттерге тік тұрған бойы кеудені оңға, солға еңкейтулерін сұраған. Бұл қимылды қандай бұлшықеттер тобы атқарады?
4. Анатомияда іштің алдыңғы қабырғаларының әлсіз жерлері туралы түсінік бар. Студенттер оларды атап көрсетеді және неге әлсіз жерлер аталатынын түсіндіруді сұраған. Дұрыс жауап қалай?
5. Шат өзегін оқып білу кезінде оқытушы оның қабырғаларын құрайтын бұлшықет шандырлы құрылымдарды атап көрсеткен, сосын бір студенттен тек қана бұлшықеттен тұратын қабырғасы атауын сұраған. Дұрыс жауап қандай?
6. Хирургиялық бөлімшеге төс – бұғана емізікше бұлшықеті тілінген зардап шегуші түскен. Оташы оны дұрыс тіккен. Тігілмеген жағдайда қандай қимылдар бұзылар еді?
В деңгейіндегі есептер
1. Құрсақ қуысындағы мүшелерге ота жасау үшін оташылар құрсақ қабырғасына қансыз тілік жасайды. Бұл алдыңғы құрсақ қабырғасының қай аймағында және неге жасалады?
2. Зардап шегуші желке тұсынан алған қатты соққыдан соң кеуденің жоғарғы бөлігін жаза алмайтын болған. Қандай бұлшықеттер зақымданған?
3. Дене тәрбиесі сабағында оқытушы студент-медиктерге негізгі тыныс алу бұлшықеттеріне салмақ түсетін қимылдар жасайтынын айтқан. Бұл бұлшық еттерді атаңыз?
4. Ертедегі ер адамдардың скульпторлық бейнелерінде олардың құрсақтың алдыңғы қабырғасында көлденең ойыстар мен дөңестер жақсы көрінеді. Бұл қандай құрылымдар?
5. Шат өзегінің қабырғаларын құрауға шандырлы құрылымдардың да қатысатыны белгілі. Оларды атаңыз және оларда өзектің қандай қабырғалары құрылады?